Областной открытый доклад
Новостная лента Slash2
Автор: Кушенова Ф.С.

Ақмола облысының білім беру жағдайы мен дамуы туралы баяндама (қысқартылған нұсқа)

Ақмола облысының білім беру жағдайы мен дамуы туралы баяндама

(қысқартылған нұсқа)


КІРІСПЕ

«Адам капиталын дамытудың маңызды құралы білім беру болып табылады»

Н.Ә.Назарбаев


Облыстық ашық баяндаманың қысқаша нұсқасы – ол Ақмола облысының білім беру жүйесін дамытудың жағдайы мен тенденциялары туралы көпшілікке арналған есеп.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін, ақпараттандыру, технологизация, профилизация, тұлғаға бағытталған, құзыреттілік-іс-әрекеттік, денсаулық сақтау сияқты бағыттарды енгізуді белгілейтін, педагогтардың қызметінің тиімділігін арттыру мен оқытудың соңғы нәтижесін жақсартуға, білім беру үдерісін жаңартуға бағытталған, реформалау Ақмола облысының білім беру ұйымдарының қызметінде көрініс табады.

Ағымдағы баяндаманың жетекші бағыты «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізге алынған мемлекеттік құжатын іске асыру тиімділігін талдау болып табылады.

Ақпаратты жеткізушілер: облыстық ведомство, аудандық (қалалық) білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары. Баяндама дайындау барысында басқару органдарының мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептерінің нысандары, Қазақстан Республикасы БҒМ бекітілген құжаттар тізімі пайдаланылды.


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Қазіргі уақытта облыстағы халық саны 744 386 адамды құрайды. Талдау жасалып отырған мерзім ішінде халық санының көбею тенденциясы, соның ішінде 2014 пен 2015 жылдар аралығында (1-сурет) ерекше, тұрақталып келеді.

1 сурет. Ақмола облысының халық

санының серпіні, адамдар.

Статистикалық есептілікті талдау ауылдық елді мекендерде 393160 адам (халықтың жалпы санының 52,8%), ал қалалық елді мекендерде 351226 адам (47,2%) тұратынын көрсетті.

Ақмола облысында халықтың жылдық орташа саны 2015 жылы 740 496 адамды құрады. Көрсеткіш серпіні жағымды.

Ақмола облысында халық басына шаққанда жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2016 жылы 1567 мың теңгені құрады (1-кесте). Аталған көрсеткіштің мәні талдау жасалып отырған кезең ішінде елеулі серпін көрсетті. Ол дегеніміз, біздің облысымыздың халқы жыл сайын жалақы табу және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктері артып келеді. Жалпы алғанда республика бойынша 2014 пен 2015 жылдар аралығында көрсеткіштің төмендеуі байқалады.

1-кесте. Жалпы аймақтық өнім көлемінің серпіні, мың теңге.

Аймақ

2012

2013

2014

2015

А

1

2

3

4

Ақмола облысы

1113,4

1283,4

1441,5

1567

Қазақстан Республикасы

1917,3

2177

2357,2

2330


Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санының жұмыспен қамтылған үлесі 2014 жылдағыдай 95,1% (2-кесте) құрады.

Жұмыссыздық деңгейі сол қалыпты. Жастар арасындағы жұмыссыздық 3,5% құрайды, ол жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 0,6%-ға төмен.

2-кесте. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық деңгейінің серпіні, пайыз.

Көрсеткіш

Ақмола облысы

Қазақстан Республикасы

2012

2013

2014

2015

2012

2013

2014

2015

А

1

2

3

4

5

6

7

8

Жұмыспен қамтылған халықтың үлесі

94,7

94,8

95,1

95,1

94,7

94,8

95

95

Жұмыссыз халықтың үлесі

5,3

5,2

4,9

4,9

5,3

5,2

5

5

15-24 жас аралығындағы жұмыссыз халықтың үлесі

2,1

3,7

3,8

3,5

3,9

3,9

3,8

4,1


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін дамыту бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің міндеттерінің тиімді шешілуі 2015 жылы Ақмола облысында мемлекеттік емес меншік түріндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын екі есеге арттырды. Бурабай (46), Зеренді (54) және Целиноград (56) аудандары мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының санымен басқа аудандардан алда келеді, шағын орталықтардың саны артып келеді, әсіресе (36,3%) Жақсы ауданында. Қорғалжын ауданында (-10,6%) және Көкшетау қ. (-10,2%) мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекте тұрған 3-6 жас аралығындағы балалардың үлесі едәуір кеміді.

Мемлекеттік тілді меңгеруге Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ерекше мән беріледі. 2015 жылы Атбасар, Бұланды, Сандықтау, Шортанды аудандарында және Степногорск қаласында қазақ тілінде білім алатын МДТО ұйымдарының тәрбиеленушілерінің үлесінің өсім тенденциясы байқалады.

2011-2020 жылдарға арналған ҚР БДМБ іске асыруда инклюзивтік білім беруді енгізуге жағдайлар жасауға маңызды орын берілген (3-кесте).

3-кесте. Мектепалды даярлықта

5-6 жастағы балаларды инклюзивтік

біліммен қамту коэффициенті, пайыз.

Аудан (қала)

2015

Атбасар

1,8

Бұланды

0,9

Бурабай

0,05

Еңбекшілдер

0,4

Ерейментау

1,4

Жақсы

3,6

Жарқайың

2,2

Зеренді

2,7

Сандықтау

3,3

Целиноград

0,1

Степногорск қ.

0,4

Көкшетау қ.

8,6

Облыс бойынша барлығы

2,2

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында білім беру және тәрбие процесін ақпараттандыру міндеттерін іске асыру үшін тиісті материалдық база қажет.

Интерактивтік жабдықтары бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үлесі Аршалы, Ерейментау аудандарында көрсеткіштің күрт өсу есебінен 26,7% дейін көбейді, бірақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының балансында интерактивтік жабдықтар жоқ аудандар да бар (Ақкөл, Еңбекшілдер, Қорғалжын).

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңарту басшылар мен педагогтарға жаңа талаптар қойып отыр. Терең білетін әрі бәсекеге қабілетті оқушының қалыптасуын тек білім беру ұйымының әдістемелік қызметі мен курстық дайындықтың көмегімен жүзеге асырылатын жаңа форматтағы мұғалім мен басшы ғана тәрбиелей алады. Жыл сайын Зеренді ауданының педагогтары білім беру деңгейлерін арттырады. Жаңа тұрпаттағы басшыны қалыптастыру, менеджмент бойынша курстардың негізіне кіретін, олардың корпоративті басқару негіздерін игерусіз мүмкін емес. Менеджмент саласында біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткен басшылардың үлесі 2015 жылы 5 есеге көбейді. Менеджмент саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен басшылардың жоғары көрсеткіштері Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау және Шортанды аудандарында байқалады.

Бірақ, соңғы үш жыл ішінде облыста мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтарының біліктілік деңгейі төмендегені байқалатынын, жоғары, бірінші және екінші санаттағы қызметкерлердің үлесі төмендегенін атап кеткен жөн (2-сурет).

2 сурет. Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқыту ұйымдарының педагогтарының

біліктілік деңгейі, пайыз.

Ғимараттарға (үй-жайларға) күрделі жөндеу жүргізуді жүзеге асыруды талап ететін ұйымдардың үлесі бірнеше рет қысқартылды. 2015 жылы республикалық бюджет қаражатына 2 балабақша, жергілікті бюджет қаражатына 1 балабақша мен 11 жеке меншік балабақша салынды. Бұдан бұрын жекешелендірілген 2 балабақша ғимараты қайтарылды. Мектептер мен басқа білім беру ұйымдарының жанынан 8 шағын орталық ашылды. Облыстың екі ауданында (Ақкөл мен Егіндікөл) зерттеліп жатқан мерзім ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа объектілері тіркелмеген.

100 жоспарлы орынға мектепке дейінгі ұйымдардың топтарының толуы қалалық елді мекендерде 107 адам, ауылдық елді мекендерде 93 адамды құрайды.

Облыс бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілерімен педагогикалық қызметкерлері қатынасының орташа мәні өзгеріссіз қалды.

Мемлекеттік бюджет шығындарының серпіні тұрақсыз. 2014 жылға қарағанда, өсім 174186,3 мың теңгені құрады (3-сурет).

3 сурет. МДТО жүйесіне жұмсалған

мемлекеттік бюджет (РБ және ЖБ)

шығындарының серпіні, мың.

Өткен жылдың Баяндамасында Целиноград МДТО жүйесінде қаржыландыру күрт қысқартылған болатын. 2015 жылы ауданда бөлінген қаражаттардың көлемін ең ауқымды көбеюі тіркелген.

МДТО жүйесінің бір тәрбиеленушісіне бюджет шығынының талдауы соңғы үш жылда көрсеткіш көлемінің төмендеуі байқалады. Нәтижесінде 2015 жылы бір тәрбиеленушіге орташа 114,9 мың теңгеден бөлінді (4-сурет).

4-сурет. МДТО жүйесінің бір тәрбиеленушісіне бюджет шығындарының серпіні, мың теңге.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде бір тәрбиеленушіге есептегенде халық басына шаққанда жалпы аймақтық өнімге шығындардың арақатынасы 0,07 (4-кесте) құрады.

4-кесте. МДТО жүйесінде бір тәрбиеленушіге есептегенде халық басына шаққанда ЖАӨ жергілікті бюджет шығындарының арақатынасы.

Көрсеткіш

2012

2013

2014

2015

А

1

2

3

4

Бір тәрбиеленушіге есептегенде жергілікті бюджет шығындары, мың теңге

149,3

149,3

129

114,9

Халық басына шаққанда ЖАӨ, мың теңге

1113,4

1283,4

1441,5

1567

МДТО жүйесінде бір тәрбиеленушіге есептегенде халық басына шаққанда ЖАӨ бюджет шығындарының арақатынасы

0,13

0,12

0,09

0,07

Ресми статистика бойынша 2015 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының құрылысы мен күрделі жөндеуге шығындардың үлесі жалпы күрделі шығындардың 81,9% құрады.


ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ

Қазақстан Республикасында тегін орта білімге кепілдендірілген құқықтар міндетті болып келеді. Жалпы орта білімге қойылатын негізгі талаптар: балалардың қызығушылығы, қолжетімділігі мен сапасы. Балалардың сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасау мақсатында 7 жаңа мектеп пен Көкшетау қаласының екі мектебінің ғимараттарына қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді (5-кесте).

5-кесте. Жаңадан салынып, пайдалануға берілген

жаңа мектептер санының серпіні, бірлік.

Аудан (қала)

2014

2015

А

1

2

Аршалы

0

1

Бұланды

1

1

Бурабай

0

1

Еңбекшілдер

1

1

Ерейментау

0

1

Зеренді

1

0

Целиноград

1

2

Көкшетау

2

2

Барлығы облыс бойынша

6

9

ШЖМ үлесінің жыл сайынғы төмендеуі тіркелді, солардың ішінде Атбасар, Бурабай аудандарында. Ерейментау, Зеренді және Целиноград аудандарында гимназия, лицей және пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер контигенті мен желісінің төмендеуіне байланысты элитарлық білім алу мүмкіндігі төмендеді. Оқу жылының басына қарай «мектеп-балабақша» кешендердің саны 21 бірлікке қысқарды, 9 қалды: Ақкөл ауданында – 5, Бұландыда – 2, Егіндікөлде және Көкшетау қаласында бір-бірден.

Білім берудің қолжетімділігіне көңіл бөле отырып, денсаулығы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды атап кеткен жөн. Арнаулы білім беру ұйымдарында білім алатын оқушылардың саны 50 адамға көбейіп, 740 адамды құрады. Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Жақсы, Қорғалжын және Шортанды аудандарында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуларына және түзетуге жағдайлар жасалмаған. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері Бұланды, Сандықтау, Целиноград аудандарында ашылған.

Бірнеше тілде оқытатын мектептердің (аралас мектептердің) үлесінің көбею серпіні тоқтатылды: 2014 жылға қарағанда көрсеткіштің мәні 0,3% төмендеп,  38,4% құрады. 2015 жылы аралас мектептердің максималды мәні Степногорск және Көкшетау қалаларында және облыстық білім беру ұйымдарының жүйесінде байқалады.

Қазақ тілінде оқытатын мектептердің үлесі 28,8%, орыс тілінде оқытатын мектептердің үлесі 32,8% құрады. Облыстық басқару органының ведомствосындағы ұйымдар желісінде қазақ тілінде оқытатын мектептердің үлесі екі есеге көбейді. Олардың арасында тек орыс тілінде оқытатын мектептер жоқ.

Бір тілде оқытатын мектептердің үлесі 2015 жылы 43% құрады. Бұл ретте қазақ тілінде білім алатын оқушылар 23,1%, орыс тілінде білім алатын оқушылар 19,9% құрады (5-сурет). Білім беру үдерісі тек мемлекеттік тілде ұйымдастырылған мектептерде білім алушылардың үлесі оң серпінді көрсетеді.

5 сурет. Орыс және қазақ тілінде білім беретін

мектептердің оқушыларының үлесінің серпіні, пайыз.

Инклюзивтік білім алу үшін жағдайлар жасаған мектептердің үлесі 10,7% құрады. Статистикалық есептерге сәйкес Аршалы, Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Целиноград аудандары мен облыстық ұйымдар арасында инклюзивтік білім беруді енгізу үшін жағдайлары бар мектептер жоқ. Осы көрсеткіштен шыға келе, өткен есеп беру кезеңімен салыстырғанда, инклюзивтік біліммен қамтылған балалар үлесінің көрсеткіш мәні 6,8 %-ға төмендегені байқалады.

2015 жылы одан әрі білім алумен қамтылмаған негізгі мектептердің түлектері үлесінің мәні 2012 жылдың мәнін (1,2%) бірнеше рет асып кеткен (6,2%).

Білім беру процесін кадрлық қамтамасыз ету талдауы педагогикалық қызметкерлерінің жалпы санының 83,6% жоғары білімді,  13,4% - арнаулы орта, 0,3% - жалпы орта білім бар екенін көрсетті.

Әйел педагогтардың үлесі 2,1% өскені (6-сурет), ол 81,4% құрағаны байқалды, бірақ Қорғалжын ауданы жалпы орта білім беретін мектептерінде педагогтардың төрт бөлігінің көбі ер мұғалімдер (29,3%).

6 сурет. Педагогикалық қызметкерлердің

гендерлік көрсеткіш бойынша таралуы, пайыз.

2015-2016 оқу жылының басына зейнеткерлік жастағы педагогикалық қызметкерлердің үлесі 3,4% құрады (7-сурет). Көрсеткіш көлемінің жыл сайынғы өсуі Атбасар, Жарқайың, Сандықтау, Целиноград аудандарында және Степногорск қаласында байқалды.

7 сурет. Зейнеткерлік жастағы педагогикалық қызметкерлердің үлесінің серпіні.

Педагогикалық кадрлардың максималды кетісі Егіндікөл (25%), Ақкөл (18,4%), Жарқайың (16,6) аудандарында байқалады.

Басқа білім беру ұйымдарынан келіп мектепте қоса атқаратын жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің үлесі 1,1% құрайды. Мамандығы бойынша жұмыс істемейтін мұғалімдердің үлесі 1,5% құрайды, ең үлкен көрсеткіш Егіндікөл ауданында - 13,6%.

Білім беру ұйымдарының аумақтық орналасуына қарамастан, жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесінің төмендеуі байқалады.

Еңбек өтілі бойынша жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық қызметкерлерінің құрамы 2015 жылы келесідей бөлінді: 8 жылға дейін еңбек өтілі бар педагогтар 30,8%, 9 жылдан 20 жылға дейін – 30,9%, 20 жылдан жоғары – 38,3% (8-сурет).

8 сурет. Еңбек өтілі бойынша жалпы білім

беретін мектептердің педагогикалық

қызметкерлерінің үлесінің серпіні, пайыз.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда аттестаттау қорытындысы бойынша көрсеткіш Астрахан, Еңбекшілдер, Жарқайың, Қорғалжын және Шортанды аудандарында айтарлықтай жақсарғанын атап кеткен жөн.

Білім берудің дамуының қазіргі кезеңінде ұжымды жұмысын қайта құруды ұйымдастыруға, жаңа бағыттар мен әдістерді енгізуге қабілетті білім беру ұйымының басшысы қажет. 2015 жылы менеджмент саласында біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен басшылардың үлесі 55,7% құрады (9-сурет), бірақ Қорғалжын ауданында бір де бір жалпы білім беретін мектептің басшысы менеджмент саласында біліктілікті арттыру курсынан өткен жоқ.

9 сурет. Менеджмент саласында біліктілікті

арттыру және қайта даярлау курстарынан

өткен басшылардың үлесінің серпіні, пайыз.

Көптілді бағдарлама бойынша жұмыс істейтін педагогикалық қызметкерлер үлесінің облыстық көрсеткіші төмен, 2015 жылы ол 0,1% құрады (6-кесте). Көкшетау қ. тек 16 педагогикалық қызметкері аталған бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

6-кесте. Көптілді бағдарлама бойынша жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері туралы мәліметтер.

Аудан (қала)

Көптілді бағдарлама бойынша жұмыс істейтін күндізгі жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің саны, адам

Көптілді бағдарлама бойынша жұмыс істейтін күндізгі жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің үлесі, пайыз

2014

2015

2014

2015

А

1

2

3

4

Ақкөл

2

0

0,4

0

Көкшетау қ.

4

16

0,2

0,9

Облыстық ББҰ

12

0

7,2

0

Барлығы облыс бойынша

16

16

0,1

0,1

Жаратылыстану-математика циклы бойынша сабақты ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдердің үлес көрсеткішінің серпіні оң - 0,4% (7-кесте).

7-кесте. Жаратылыстану-математика циклы бойынша сабақты ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдердің үлесі, пайыз.

А

1

2

3

Көкшетау қ.

0

1

2,2

Облыстық ББҰ

7,5

12,7

10,3

Барлығы облыс бойынша

0,2

0,3

0,4

2015-2016 оқу жылдарында ыстық тамақтандырумен оқушылардың жалпы санының 94,7% қамтылды. Соңғы 4 жылда облыстық көрсеткіштің серпіні 10,1% көбейді. Ақмола облысының 7 ауданында барлық оқушылар ыстық тамақпен тамақтанады.

Мектептердің 75,2% медициналық кабинеттер бар. Бұл зерттеліп отырған кезең ішіндегі максималды көрсеткіш.

Мектепте спорт секцияларының қызметімен қамтылған оқушылардың үлесі 26,7% құрады, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметімен қамтылған оқушылардың үлесі 12,7% құрады.

Бір ауысымда сабақ жүргізетін мектептер саны 45,5% дейін көбейді. Оқушылардың 88,5 % оқу орындарына тасымалданады.

Ақпараттандыру – білім беру жүйесін жаңартудың маңызды бағыттарының бірі. Ақпараттандырудың тиімділігі білім беру ұйымдарының материалдық базасының жағдайына байланысты. Облыстың барлық жалпы орта білім беретін ұйымдары (100%) Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етілген. Кеңжолақты Интернетке жалпы орта білім беретін ұйымдардың 77,9% қосылған. Облыс бойынша компьютерлік техниканың бір бірлігіне есептегенде оқушылардың саны 6 оқушыны құрайды, аудандар бөлінісінде аталған көрсеткіш бір компьютерге 2-ден  (Еңбекшілдер ауданы) 13 адамға дейін (Целиноград ауданы) түрленеді. 2015 жылы  мұғалімнің жұмыс орны компьютермен жабдықталған пән кабинеттерінің үлесі 44,1% құрады (10-сурет).

10 сурет. Мұғалімнің жұмыс орны

компьютермен жабдықталған пән

кабинеттерінің үлесінің серпіні, пайыз.

Интерактивтік жабдықтары бар мектептердің үлесі (интерактивтік проектор + интерактивтік тақта) 61% құрады. Интерактивтік жабдықтармен жүз пайыз жабдықталу Егіндікөл, Ерейментау аудандарында және облыстық білім беру ұйымдарында тіркелді. Штатта компьютерлік техникаға қызмет көрсету бойынша инженер ставкасы бар білім беру ұйымдары үлесінің орташа облыстық мәні 12,4% құрады. Электрондық оқыту жүйесін қолданатын мектептердің үлесі 6,2% құрады.

Білім беру сапасын арттыруға білім беру ұйымдарындағы қазіргі заманғы кабинеттік жүйе де ықпал етеді. Үштілділік тапсырмасын іске асыру үшін иетерактивтік жабдықтар үлкен әсер етеді. 2015 жылы лингафондық-мультимедиалық кабинеттер облыс мектептерінің 43,1%-ында бар, төрт жылдың ішінде аталған көрсеткіш 8,3% көбейді. 42,4% жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен қамтамасыз етілді. Барлық қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін химия кабинеттерімен жалпы білім беретін мектептердің 31% жабдықталды, төрт жылдың ішінде өсім 22,5% құрады. Жаңа үлгідегі биология кабинеттерімен жалпы білім беретін мектептердің 31,7% қамтамасыз етілді.

Аббаттандырудың барлық түрлері бар мектептердің үлесі 2015 жылы 44,8% құрады. 2012 жылдан 2015 жылдар аралығында бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептердің үлесінің көрсеткіші   4,1%-ға төмендеді. 5 мектеп автобусы сатып алынды – Бурабай (1),Жақсы (2), Зеренді (2) аудандарында.

Үкіметпен анықталған және мектеп алдында тұрған тапсырмалардың бірі жаңа тұрпатты мамандарды дайындау болып табылады. Бұл тапсырманы шешу орта білім беру ұйымдарын бейіндендіруде енгізілді. Бұл тапсырманы ШЖМ көп болуынан ауылдық жағдайларда іске асыру үшін ресурс орталықтары құрылған. ШЖМ арналған ресурс орталықтарының саны – 18: 16 ауданда бір-бірден және Жарқайың ауданында екі.

Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметтері бойынша 85 жалпы білім беретін мектепте қамқоршылық кеңес бар, ол 14,8% құрайды. 2015 жылы қамқоршылық кеңестер жұмыс істейтін мектептердің саны едәуір қысқарды (2012ж. – 63,9%, 2013ж. -57,6%, 2014ж. – 43,4%).

Жалпы орта білімге мемлекеттік бюджеттің (республикалық + жергілікті) шығындар үлесі 2015 жылы Ақмола облысының азаматтарын оқытуға жұмсалған жалпы шығындардың 71%-ын құрады. Жылдар бойынша көрсеткіштердің өзгеруі тұрақсыз.

Жалпы орта білім беру жүйесіне жергілікті бюджет шығындарының үлесі 2013 жылдан бастап кеміп келеді. 2015 жылдың мәні – 75,7% (11-сурет).

11 сурет. Жалпы орта білім беруге жұмсалатын

шығын үлесінің серпіні, пайыз.

Ең төменгі көрсеткіштер Астрахан (95,2%), Атбасар (95,4%), Еңбекшілдер (97,2%) және Есіл (99,7%) аудандарында.

Бір жалпы білім беретін мектепке есептегенде нысаналы трансферттер шығындарының сомасы 6435,3 мың теңгені құрады, бір білім алушыға есептегенде – 34 мың теңге. 2014 жылға дейін көрсеткіштердің өсімі байқалды, 2016 жылы төмендеу тіркелді, ол нысаналы трансферттер бойынша бөлінетін қаражаттар сомасының өзгеруімен негізделеді (8-кесте).

8-кесте. Жалпы орта білімге нысаналы трансферттердің шығындары туралы мәліметтер, мың теңге.

Көрсеткіш

2012

2013

2014

2015

А

1

2

3

4

Нысаналы трансферттердің сомасы барлығы

1509617,8

2419500

4914107,1

3732470

бір мектепке есептегенде

2384,9

3883,6

8272,9

6435,3

бір оқушыға есептегенде

14,6

23,3

46,3

34

2012 мен 2015 жылдар аралығында жалпы орта білім беру жүйесінде білім алушыларды шығару коэффициенті 6,6%-ға төмендеді (12-сурет). Ақмола облысының білім беру жүйесінде Бурабай және Целиноград аудандарында аталған көрсеткіш тиісінше 2,1% және 6,4% көбейді. Ең үлкен төмендеу пайызы – Сандықтау (-32%), Бұланды (-21,1%) және Есіл (-17,9%) аудандарында.

12-сурет. Типтік жастағы халықтан пайыздық қатынаста жалпы орта білім алушыларды шығару коэффициентінің серпіні, пайыз

2015 жылы ҰБТ-ға қатысқан түлектердің үлесінің төмендеу тенденциясы болжанды, алайда 2016 жылы аталған көрсеткіш көбейіп, 72,3% құрады. Бұл өткен нәтижеден 4,5%-ға жоғары.

Астрахан ауданы мектептерінің түлектері бұрынғыша ұлттық емтиханға белсенді қатысуды жалғастыруда (2013 жылы – 73,8%, 2014 жылы – 79,7%, 2015 жылы – 82,4%, 2016 жылы – 94,2%). Бұл - соңғы үш жылда қатысу пайызының ең жоғары мәні.


ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ

Техникалық және кәсіптік білім еліміздің экономикасын одан әрі жоғары тиімді инновациялық үлгісіне көшіру мақсатында кәсіптік техникалық мамандармен қамтамасыз етуге көзделген. Қазақстанда қазіргі уақытта Индустриализация бағдарламасының кадрлық қажеттіліктерін ескеріп, кәсіптік-техникалық білім беруді жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысының білім беру жүйесінде ТжКБ білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындардың үлесі жыл сайын артып келеді, 2015 жылы 76% құрады (13 255 адам), ол 2012 жылмен салыстырғанда 10,9%-ға жоғары. Жыл сайын Көкшетау қаласы, № 1 сервистік-техникалық колледжінде білім алатын оқушылардың саны артып келеді. Білім алушылардың саны бойынша аталған тұрпаттағы оқу орындарының арасында көшбасшысы - Көкшетау қаласының жоғары техникалық мектебі болып табылады. Бірақ, бұл бағытта кемшіліктер де бар. 2015-2016 оқу жылының басында келесі колледждер ашылды: Степногорск қаласының әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Зеренді ауылында «Зерен» колледжі, Степногорск политехникалық колледжі  қайта құрылды.

2012 жылға қарағанда білім алушылардың контингенті мейлінше қысқарғаны Көкшетау қ. «Арна» колледжі мен Көкшетау медициналық колледжінде байқалады. Қатаркөл а. ауыл шаруашылық колледжінде (19,6%), Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінде (19,2%), Степногорск қ. «Мақсат» колледжінде (19,2%) білім алушылардың кетуі тіркелді.

Жаңа тұрпаттағы мамандарды дайындау бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау ТжКБ оқытушыларының кәсіптік деңгейіне байланысты болады. 2015 жылдың статистикалық деректері бойынша 21 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнында, соның ішінде 7-і мемлекеттік емес нысанда, жоғары білімді оқытушылар жұмыс істейді. Оқытушылардың сандық құрамы Көкшетау қ. Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде (+25), «Көкше» академиясы жанындағы колледжде (+17), Көкшетау қ. «Арна» колледжінде (+11) біршама кеңейген. 2014 жылға қарағанда оқытушылардың саны 44 адамға көбейгені байқалады.

Жоғары санатты оқытушылардың жыл сайынғы өсуі Ақкөл қ. агротехниникалық колледжінде, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінде және Степногорск қ. «Мақсат» колледжінде тіркелген. Үнемі төмендеу – Атбасар қ. № 1, Степногорск қ. №2 индустриалдық-техникалық колледждерінде және Көкшетау қ. «Арна» колледжінде. Жоғары санатты оқытушылардың  ең төмен үлесі Каменка а. №2 агротехникалық колледжінде.

Академиялық және ғылыми дәрежесі бар педагогикалық қызметкерлердің ең көп саны Көкшетау қ. Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінде (22), Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінде (14), Көкшетау медициналық колледжінде (13), Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінде (12) байқалады.

ТжКБ оқытушыларының кәсіптік деңгейлерін арттыру мақсатында біліктілікті арттырудың жаңа нысаны – өнеркәсіп кәсіпорындарының базасында біліктілікті арттыру және тағлымнан өту енгізілді. Өнеркәсіп кәсіпорындарының базасында біліктілікті арттыру және тағылымдама өткен педагогикалық қызметкерлердің үлесі 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 5,7%-ға өсіп, 9,5%-ды құрады. Ақмола облысы техникалық және кәсіптік оқу орындарының 22 басшысы (62,9%) менеджмент саласында біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өтті.

2015 жылдың аттестаттау қорытындысы бойынша Бозайғыр а. №5 агротехникалық колледжінде, Степногорск қ. тау-кен техникалық колледжінде, Қатаркөл а. ауыл шаруашылық колледжінде, Шағалалы а. агробизнес колледжінде, Щучинск қ. жоғары техникалық колледжінде және «Көкше» академиясының жанындағы колледжде жоғары білікті өндіріс шеберлері жоқ.

Кейбір ТжКБ ұйымдарында кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. талдау жасалып отырған мерзім ішінде Степногорск қ. құрылыс-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымы жинақталмаған. Жаңа тұрпаттағы мамандарды дайындауда ТжКБ түлектерінде компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Зерттеліп отырған мерзім ішінде бір компьютерге есептегенде білім алушылардың саны төмендеу беталысы бар, көрсеткіштің минималды мәні Көкшетау заң колледжінде - бір компьютерлік бірлікке есептегенде 2 студенттен келетіні белгіленді. Сонымен қатар бұл бағытта кемшіліктер де байқалады: бір компьютерге білім алушылардың максималды саны Көкшетау қ. Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде (17) және Астрахан а. №6 АТК (17).

ТжКБ білім беру ұйымдарының 94,4%-да интерактивтік жабдықтар бар. 2 білім беру ұйымында интерактивтік жабдық жоқ: Көкшетау қ. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі мен Атбасар гуманитарлық-техникалық колледжі.

Тиімді білім беру үрдісінде ТжКБ материалдық-техникалық базасы маңызды мәнге ие.

Қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған ТжКБ ұйымдарының үлесі екі есеге көбейген: 2012 жылы – 36,6%, 2015 жылы – 80,6%. Қазіргі заманғы жабдықтары бар ТжКБ ұйымдарының тізімін Атбасар қ. №11 АТК, Степногорск қ. тау-кен техникалық колледжі, қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі толықтырды. Барлық үш пән бойынша жаңа үлгідегі кабинеттері Щучинск қ. индустрия, туризм және сервис колледжі мен қазақ гуманитарлық-техникалық колледждерде бар.

Облыстың он бір ТжКБ ұйымының шеберханалары қазіргі заманғы жабдықтарымен жүз пайыз жабдықталған.

2015 жылы жаңа үлгідегі кабинеттерімен жабдықталған ТжКБ ұйымдарының үлесі химия кабинеттерімен - 23,7%, биология кабинеттерімен - 7,9%, физика кабинеттерімен - 23,7% құрады. Көрсеткіш серпіні тұрақты емес.

Инновацияларды пайдалану білім беру қызметінің тиімділігін арттырады. ТжКБ ұйымдарын дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде дуалды оқытуға көшуге баса назар аударылады.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын дайындау саласында ынтымақтастық жөнінде жасасылған меморандумдар мен келісім-шарттардың саны 975 құрады, ол зерттеліп отырған мерзімде максималды мәнге ие.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын дайындау саласында ынтымақтастық жөнінде меморандумдар мен келісім-шарттар жасау бағытында: Атбасар қ. №1 индустриалдық-техникалық колледжі – 260 келісім-шарт, Степногорск қ. №2 индустриалдық-техникалық колледжі– 77, Астраханка а. №6 агротехникалық колледжі – 63 келісім-шарт белсенді жұмыс істеп жатыр.

Дені сау ұлт қалыптастыруда маңызды бағыттар студенттердің тұруына жайлы жағдайлар жасау мен сапалы тамақтануын ұйымдастыру болып табылады. Балансында жатақханасы бар мемлекеттік колледждердің үлесі 81,5%, жеке меншік – 11,1% құрады («Көкше» академиясының жанындағы колледж). Балансында жатақханасы жоқ ұйымдардың тізіміне қазақ гуманиарлық-техникалық колледжі қосылды. 26 колледжде ыстық тамақпен ұйымдастырылған: көрсеткіштің максималды мәні Каменка а. №2 агротехникалық колледжінде (93,6%) және Ерейментау қ. №8 агротехникалық колледжінде (91,2%). Ыстық тамақпен қамтудың төмен пайызы Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінде (0,9%), Көкшетау медициналық колледжінде (1,2%) және т.б. байқалады.

ТжКБ ұйымдарында енгізілген оқушы орындарының саны 2015 жылы Көкшетау қ. қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде ішкі реконструкция жасау негізінде енгізілген оқушы орындары есебінен 100 орынды құрады.

Түрлі себептермен ТжКБ ұйымдарынан кеткен білім алушылардың үлесі қаралып жатқан мерзім ішінде 3,2% төмендеп, 7,5% құрады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша кеткендердің үлесі 0,4%-ға, ақылы негізде білім алушылардың аталған үлесі екі есеге төмендеді.

2015 жылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне мемлекеттік бюджеттің (республикалық + жергілікті) шығындар үлесі білім беруге жалпы шығындардың 15%-ын (6238863 мың теңге) құрады (9-кесте).

9-кесте. Техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік бюджет шығындарының серпіні.

Көрсеткіш

2012

2013

2014

2015

А

1

2

3

4

ТжКБ мемлекеттік бюджеттің шығындары, барлығы, мың теңге

4887019,3

5138306

6087717,3

6238863

с.і. республикалық

529873,1

543538,1

627330,3

589367

с.і. жергілікті

4357146,2

4594767,9

5460387

5649496

ТжКБ мемлекеттік бюджет шығындарының үлесі, пайыз

12,8

12,5

13,5

15

ТжКБ республикалық бюджет шығындарының үлесі, пайыз

14,2

8,5

7,3

8,2

ТжКБ жергілікті бюджет шығындарының үлесі, пайыз

12,6

13,3

15

16,5

Республикалық бюджеттен -  8,2%-ды (589367 мың теңге), жергілікті бюджеттен - 16,5% (5649496 мың теңге) құрайтын жұмсалған қаражаттың көбейгені байқалады.

ТжКБ ұйымдарының әр білім алушысына жергілікті бюджет шығындары  405,6 мың теңгені құрады, ол өткен жылдың көрсеткішінен 46 мың теңгеге жоғары (13-сурет). Төрт жылдың ішінде көрсеткіштің өсуі 123,8 мың теңгені құрады.

13 сурет. ТжКБ ұйымдарының әр білім

алушысына жергілікті бюджет шығындары,

мың теңге

Көрсеткіштің орташа облыстық серпінін 13 колледж қайталап отыр.

Халықтың жан басына шаққанда жалпы аймақтық өнімге бір білім алушыға бюджет шығындарының арақатынасы 0,26% құрады (10-кесте). Бұл – талдау жүргізілген мерзімдегі көрсеткіштің максималды мәні.

10-кесте. Халықтың жан басына шаққанда ЖАӨ-ге ТжКБ 1 білім алушысына бюджет шығындарының арақатынасы.

Аймақ

2012

2013

2014

2015

А

1

2

3

4

Ақмола облысы

0,25

0,24

0,25

0,26

Қаржыландырудың жалпы көлемінен жұмыс берушілерден жұмылдырылған қаражаттарының үлесі 0,02%-ға дейін көбейді (11-кесте).

11-кесте. Қаржыландырудың жалпы көлемінен жұмыс берушілерден жұмылдырылған қаражаттарының үлесі, пайыз.

Білім беру ұйымы

2012

2013

2014

2015

А

1

2

3

4

Каменка а. №2 агротехникалық колледжі

2,7

5,2

0

0

Степногорск қ. тау-кен техникалық колледжі

5,5

0,2

0,2

0,2

Көкшетау қ. №1 құрылыс-техникалық колледжі

0

0

0

0,15

Степногорск қ. №2 индустриалдық-техникалық колледжі

0

0

0

0,14

Барлығы облыс бойынша

0,2

0,1

0,003

0,02

Зерттеліп отырған мерзім ішінде алғаш рет жұмыс берушілердің қызметті қаржыландыруы Көкшетау қ. №1 құрылыс-техникалық колледжінде және  Степногорск қ. №2 индустриалдық-техникалық колледжінде жүзеге асырылады. Тұрақты негізде жұмыс берушілерден қосымша қаржыландыруды Степногорск қ. тау-кен техникалық колледжі алады.

2015 жылы 13 бағыт бойынша мамандарды шығару жүзеге асырылды. «Білім беру», «Сервис, экономика және басқару», «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» бағыттары бойынша түлектер үлесінің мәні жоғары. «Мұнай-газ және химиялық өндіріс» және «Метрология, стандартизация және сертификация» бағыттары бойынша түлектер жоқ.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан мамандарды шығару коэффициенті 4,7%-ды құрады (12-кесте).

12-кесте. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан мамандарды шығару коэффициенті.

Көрсеткіш

2013

2014

2015

2016

А

1

2

3

4

ТжКБ ұйымдары түлектерінің саны, адам

4752

5302

5495

4481

16-24 жас аралығындағы халық саны, адам

105351

н\д

н\д

96076

ТжКБ шығару коэффициенті, пайыз

4,5

-

-

4,7

Халық саны, барлығы

732719

735566

736605

744386

Халықтың 10000 адам есебінде ТжКБ ұйымдарының мамандарын шығару 

65

72

75

60

Халықтың 10000 адам есебінде ТжКБ ұйымдарынан мамандарды шығару 60 маманды құрады, бұл – талдау жасау мерзіміндегі минималды мән. Төмендеу 2015 жылға қарағанда 15 адамды құрады.

ТжКБ ұйымдарындағы білім алуды аяқтау коэффициенті 2016 жылы 86,3%-ды құрады, ол өткен жылдың көрсеткішінен 1,9% төмен.

Біліктілік талаптарын растамаған және диплом алмаған түлектердің үлесі олардың жалпы санынан пайыздық қатынаста 0,8%-ды құрады, ол 2015 жылға қарағанда едәуір кем (14-сурет).

14 сурет. Біліктілік талаптарын

растамаған және диплом алмаған түлектердің

үлесі, пайыз.

Түлектердің аталған санаты 10 ұйымда белгіленді.

Үздік диплом алған түлектердің үлесі 2016 жылы 11,4%-ды құрады, ол өткен жылдың көрсеткішіне тең (15-сурет). Көрсеткіштің жыл сайынғы көбеюі Астраханка а. №6 агротехникалық колледжі мен Көкшетау қ. «Арна» колледжінде тіркелді.

15 сурет. Үздік диплом алған түлектердің үлесінің

серпіні, пайыз.

Кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс істеу нәтижелерін баға беретін, ең ақырында, еңбек нарығы: түлектер қаншалықты талап етілетіні, оларға қаншалықты тез жұмыс табуға болатыны, кәсіптік білім беру жүесінің ұсынатын білім беру қызметтерінің жиынтығының деңгейі қандай, еңбек пен халықтың сұранысына сәйкес келе ме екенін анықтайды.

2015 жылы техникалық және кәсіптік білім алған және сол мерзімде алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 64,9%-ды құрады. Алдағы өткен зерттеліп отырған мерзімге қарағанда көрсеткіштердің көбеюіне қарамастан, зерттеліп отырған мерзімдегі ең жоғарысы емес.


ҚОРЫТЫНДЫ

Ақмола облысының білім беру жағдайы мен дамуы туралы жыл сайынғы баяндамадағы ұсынылған ақпарат ресурстық қамтамасыз ету деңгейіндегі оң өзгерістер, білім беру үдерісін ұйымдастыру және ауылдық шағын жинақталған мектептерді бейіндендіру жөнінде қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Облыстық білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму серпінін көрсеткіштер республика бойынша осыған ұқсас көрсеткіштерінің орташа мәндеріне сай, ал кейбіреулері көрсеткіштердің мәнінен артып түседі.

Ақмола облысының білім беруі Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, әсіресе, білім беру кеңістіктерін ақпараттандыруға, бейіндендіруге белсене қатысады.

Ұсынылған ақпаратты салыстыру және талдау барысында анықталған кемшіліктер болашақта бұл кемшіліктерді болдырмайтындай басқарушылық шешімдер қабылдауды қажет етеді.

Ашық баяндаманың ақпараты облыстың білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне өз құзыры шегінде Ақмола облысының білім беру жағдайын жақсарту және білім беру үрдісін одан әрі жетілдіруге жаңа тәсілдер жасауға мүмкіндіктер береді.

Баяндаманың авторлары облыстың білім беру жүйесінің барлық қызметкерлерін ақпарат ұсынғаны үшін алғыстарын білдіреді және баяндаманың мазмұны Ақмола облысының білім беру жүйесін жетілдіру бойынша әрекетті шаралар жасауға ықпал ететініне сенеді.



2015 жылдың облыстық ашық баяндамасының толық нұсқасы  екі бөлімнен тұрады, онда Ақмола облысы білім басқармасының білім беру ұйымдарының негізгі түрлері туралы ақпарат келтірілген. Ашық баяндаманы дайындау кезінде серпінді үрдістерді визуалды көру және салыстырмалы талдау жүргізу үшін диограммалар мен кестелер түрінде графика келтірілген. Баяндаманың негізіне республикалық және облыстық деңгейлерде бекітілген индикаторлар мен көрсеткіштерге негізделген ақпарат берілген.

Ақмола облысының білім беру жағдайы мен дамуы туралы баяндаманың мазмұнымен «ВВS- IТ» ЖШС жанындағы Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау орталығының http: //cnoko.bbs- it.su// ресми сайтында танысуға болады.



Просмотров: 97
Дата создания: 17.01.2017
Дата редактирования: 17.01.2017